homesitemap
Мені есте сақтау
Сейдолла
Талгат
Наргиза
Серик
Марат
Эрик
Айгерим
Асемгуль
Айгуль
Нуржан
Талғат
Ерғазы
Нурым
Мейрам
Қайрат

Ханымдар мен мырзалар!

photo1

Өзіңіздің шежіріңізді құрастырыңыз

Түсінікті болу үшін тағы рулар қосылды. Өзіңіздің жүзіңізді, руыңызды, ру-тармағығыңызды тексеріп алыңыз. Егер сіздің ру-тармағыңыз болмаса, бізге жазыңыз.

Руыңыздың атақты тұлғаларын және тарихын білетін болсаңыз, atababa.kz@mail.ru  эл. Поштасына жазыңыз немесе жеке кабинеттің қызметімен қолданңыз

 

 

 

photo2

Шежіренің үлгісін қараңыз

Орта жүзге кіріңіз, Арғын руын таңдаңыз, әрі қарай Ақташы – сіз Мики Фил профайлын көресіз, оның жеке парағына кіру үшін суретіне басыңыз.

Сіз тіркелгеннен кейін жоғарыда пайда болатын парақта шежіренің үлгісін қарап, өзіңіздің жеке кабинетіңізде дәл солай жасаңыз.

 

 

                  Шежіремен жұмыс жасау

photo3

Жолауларды толық толтырып, суретті енгізу керек, әйтпесе сізде белгі пайда болмайды. Егер сіздің ата-бабаңыздың суреті болмаса сіз адамның бейнесін еңгізуіңізге болады. Егер тегін білмесеңіз – тегі белгісіз деп жазуңызға болады, нақты туған жылын білмесеңіз , оны жобалап жазыңыз.

Ата бабамыздан келе жатқан салт дәстүріміздің бірі өз тегіңді, шежіреңді жеті-атаңды білу, ұрпаққа үйрету. Орта ғасырларда Еуропа монархтары өз шежірелерін жүргізіп отырған, шығысымыздағы Қытай, Жапон және т.б. елдері сол халықтың ел билеушілердің тарихы, олардың ата-тектері жазылып отырылған. Жәй қара халық ондай мағлұматтарды жазбаған, білмеген. Ал қазақ халқы жүз болып, ру болып шежірелерін көне ғасырдан бері жүргізіп келе жатыр.

Осы сайтты шежіре жалғастыру, дәстүрімізді жаңғарту, ұмытпау үшін ұсынып отырмыз. Сіз өз шежіреңізді толтырып, білмегеніңізді өз ру араларыңыздан мәлімет алмасып толықтыра аласыз. Өз араңыздан шыққан атақты тұлғаларды еңгізіп және олар туралы оқи аласыз. «Жеті атасын білмеген жетесіз» – дейді халқымыз.  

Адам атамен Хауа анамыздың уақытынан біраз ғасырлар, жылдар өтті. Тек қана аз халық сол уақыттан өз шежірелерін жазып келеді. Адам атаның ұрпағы Нұх пайғамбар, ал Нұх пайғамбардың Сам (Сим), Хам және Йафес (Иафет) үш баласынан бүкіл дүние жүзіндегі халықтар тарайды. Нұх пайғамбардың Йафес (Иафет) баласынан (мүмкін немересі, шөбересі) «Түрік» тарайды. Қазіргі түркі тілдес халықтар осы «Түрік» атадан тарайды. Шығыстың  Абу-л Фазл Аллами атты тарихшысы: Яфис (Йафес) Нұх пайғамбардың ұлдарының ішіндегі ең әділі болатын. Осы қасиетті адамның ұрпағынан шығыс халықтарының хандары және Түркілер тарайды. Бұл адамды Түркілердің бабасы (Абу-л-тюрк), деп атайды, кейбір тарихшылар оны Алунджа-хан депте атайды - деп жазған.  (wikipedia.org)

Atababa - Бұл сайт қолданушылары жеке парақтарын, шежірелерін құра алатын, ақпаратпен алмаса алатын, және осы сайттың басқа қызметтерін қолдана алатын сайт болып табылады.

Өзіңіздің парағыңызды ашып, достарыңызды шақырсаңыз, бұрын білмеген руластарыңызды көре аласыз.

    znak2

   Сайт әлі құрастыру үстінде болса да, Сіз тіркеліп өзара ақпарат алмаса аласыз